Сыртқы және ішкі аудит
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) өзінің жылдық қаржылық есептілігіне жыл сайын аудит жүргізеді.
Жылдық қаржылық есептілікті Қордың Директорлар кеңесі алдын ала бекітеді. Қордың аудиттен өткен жылдық қаржылық есептілігін түпкілікті бекітуді «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жалғыз акционер жүзеге асырады.
Жалғыз акционер (қатысушы) – Қоғамның жарғылық капиталындағы акциялардың (қатысу үлестерінің) иесі болып табылатын тұлға. Қоғамның мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісу бойынша шешімдер қабылданатын мәселелерді қоспағанда, акционердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша дербес шешім қабылдайтын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамның жалғыз акционері болып табылады.
Аудиторлық ұйымды іріктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық конкурс арқылы жүзеге асырылады.
Қордың қаржылық есептілігі келесі тәуелсіз сыртқы аудиторлармен тексерілді:
- 2023 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін қаржылық есептілік аудиті, «Finex-Standart» ЖШС жүргізген;
- 2022 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін қаржылық есептілік аудиті, «Тәуелсіз аудиторлық компаниясы "Центраудит- Қазақстан» ЖШС жүргізген;
- 2021 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін қаржылық есептілік аудиті, «BDO Qazaqstan» ЖШС жүргізген;
- 2020 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін қаржылық есептілік аудиті, «Тәуелсіз аудиторлық компаниясы "Центраудит- Қазақстан» ЖШС жүргізген;
- 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін қаржылық есептілік аудиті, «МИН ТАКС АУДИТ» ЖШС жүргізген;
- 2018 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін қаржылық есептілік аудиті, «Тәуелсіз аудиторлық компаниясы "Центраудит- Қазақстан» ЖШС жүргізген;
- 2017 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін қаржылық есептілік аудиті, «Russell Bedford A+ Partners» халықаралық аудиторлық компаниясы» ЖШС жүргізген;
- 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін қаржылық есептілік аудитін «Russell Bedford A+ Partners» халықаралық аудиторлық компаниясы» ЖШС жүргізген;
Қор жыл сайын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында бекітілген жылдық қаржылық есептілікті жариялайды.
Ішкі аудит
Ішкі аудиттің миссиясы тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде объективті ішкі аудиторлық тексерулер жүргізу, ұсыныстар беру және білім алмасу арқылы Қордың құнын сақтап қалу және арттыру болып табылады.
Қордың ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ІАҚ) Қордың қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылауды, ішкі бақылау саласындағы бағалауды, тәуекелдерді басқаруды, корпоративтік басқару саласындағы құжаттарды ресімдеуді және Қор қызметін жетілдіру мақсатында консультация беруді жүзеге асыратын орган болып табылады.
ІАҚ өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Жарғыны, Корпоративтік басқару кодексін, ІАҚ туралы ережені, Қорда ішкі аудит жүргізу қағидаларын және Қордың басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
Сондай-ақ ІАҚ қызметі Халықаралық ішкі аудиторлар институты әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына (бұдан әрі – Стандарттар) негізделген.
«КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС жүргізген 2021-2024 жылдар аралығындағы ІАҚ қызметін сыртқы тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша Қордың ІАҚ қызметі Стандарттардың талаптарына 85%-ға сәйкестігі расталды, бұл ретте Орталық Азия өңірі бойынша орташа көрсеткіш 73%-ды құрайды.